Қазіргі уақытта геологияда компьютерлік технологияның қарқынды дамуына байланысты деректерді қосымша талдауға негізделген ғылыми визуализацияның әдістері мен тәсілдері қарқынды дамуда. Жалпы тұжырымдаманы сипттасақ, алғашында Жер бетігдегі негізгі деректер өрісі және қосымша шарттар беріледі. Әрі қарай, оларды талдау және өңдеу үшін математикалық геофизика әдістері қолданылады, нәтижесінде Жер бетінен төмендегі зерттеулер үшін жаңа ақпарат алынады. Содан кейін ақпараттық жүйеде алынған жаңа ақпаратқа және негізгі деректер өрісіне визуализация құралдары қолданылады. Осылайша, ақпараттық жүйе визуалды бейнелеу әдістері мен математикалық геофизика әдістерін, есептеу математикасының және білімнің әр-түрлі саласындағы әдістерді синтездеуге негізделген. Осы жұмыста кен орындарын Жер бетінен тереңдегі ақпаратты болжамдау-іздестіру моделін, жасырын кен орындарының аномалияларын интелектуалды анықтау әдістеріне негізделген геоақпараттық жүйенің бағдарламалық модулінің сипаттамасы берілген. Бағдарламалық модульдің жұмыс істеуі жасанды интеллект элементтері бар математикалық геофизиканың кері есептер теориясын жер бетіндегі геологиялық деректерді, геофизикалық өлшеулер мен геохимиялық талдауларды кіріс ақпарат ретінде қолдануға негізделген. Ықтимал өрістерді бұзушы массаларға қарай жалғастыру туралы кері есеп беруге арналған бағдарламалық модуль пайдалы қазбалардың нақты кен орнының нақты деректері үшін пайдаланылады.
РЕТТЕУШІ АЛГОРИТМДЕРМЕН ГЕОХИМИЯНЫҢ КЕРІ ЕСЕПТЕРІН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ МОДУЛІ
Жарияланған September 2021
162
199
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темирбекова, Л. , Темирбеков, Н., Лось, В., Имангалиев, Е., Байгереев, Д. і Нурмангалиева, М. 2021. РЕТТЕУШІ АЛГОРИТМДЕРМЕН ГЕОХИМИЯНЫҢ КЕРІ ЕСЕПТЕРІН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ МОДУЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 15–28. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.02.