Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ДІРІЛТІРЕККЕ ОРНАТЫЛҒАН КӨЛДЕНЕҢ ҚИМАСЫ АЙНЫМАЛЫ СЕРПІМДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛІК ИІЛУ ТЕРБЕЛІСІ

Жарияланған September 2021

101

95

К. Бисембаев+
КазНПУ им. Абая
А. Сманов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
КазНПУ им. Абая
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Құрылыс ғимараттарының сейсмотөзімділігін және массивті денелердің дірілоқшаулауын қамтамасыз етету проблемасы бойынша практикалық іске асқан бірқатар техникалық шешімдерді моделдейтін түзетілетін беттермен шектелген теңселмелі тірекке орнатылған көлденең қимасы айнымалы серпімді құрылғының параметрлік тербелісі зерттеледі.

      Жоғары дәрежелі айналу беттерімен шектелген теңселмелі тірекке орнатылған көлденең қимасы айнымалы серпімді құрылғының қозғалыс теңдеуі алынды. Ритц әдісі арқылы  дірілтірекке орнатылған көлденең қимасы айнымалы серпімді құрылғының параметрлік тербелмелі қозғалысының резонанстық режимдері зерттелді.

      Дірілден қорғайтын қондырғының табанының тербелмелі қозғалысының резонанстық зонасында серпімді құрылғы аз ығысу жасайды, ал серпімді құрылғының меншікті жиелігі тербелісті  қоздырушының жиелігімен  сәйкес келгенде резонанс құбылысы пайда болады. Параметрлік қоздырушының амплитудасы артқан сайын серпімді құрылғының иілмелі тербелісінің резонанстық зонасы кеңейеді. Серпімді құрылғының  параметрлік  тербелістің амплитуда-жиеліктік сипаттамасы,  құрылғының параметрлеріне тәуелді болады. Серпімді құрылғының  табанының  параметрлерін арттырғанда,  резонанстық қисық, тербелісті қоздырушы жиелігінің өсу жағыны қарай ығысады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бисембаев, К. і Сманов, А. 2021. ДІРІЛТІРЕККЕ ОРНАТЫЛҒАН КӨЛДЕНЕҢ ҚИМАСЫ АЙНЫМАЛЫ СЕРПІМДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛІК ИІЛУ ТЕРБЕЛІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 51–63. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.06.