Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ «АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ» ПӘНІНДЕГІ ІЗДЕНІС-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған December 2021

342

1632

С.А. Эшанова+
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
https://orcid.org/0000-0002-2600-702X
М.А. Муратбекова+
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
Аңдатпа

Мақалада «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқыту барысында оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған. Математиканы  оқытуда «ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет» анықтамасы нақтыланған. «Ізденіс-зерттеушілік тапсырма» түсінігі қарастырылған және есептер келтірілген. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқулықтарға педагогикалық талдау жасалынған және оқулықтардағы артықшылықтар көрсетілген. Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау, алгебра және анализ бастамалары пәні мазмұнын педагогикалық талдау, бақылау, сауалнама,  педагогикалық эксперимент  әдістері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастырылды. Зерттеу барысында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесін талқылай отырып; қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайтын, өз-бетінше ізденіске, шығармашылық жұмысқа қызығушылық білдірген оқушылар тапсырмаларды орындай алғандығы анықталды. Ғылыми зерттеулер  нәтижесінде мектеп бағдарламасының алгебра курсын оқытатын математика сала мамандары – оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін дамыту үшін арнайы тапсырмаларды көмекші құрал ретінде қолдана алады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Эшанова, С. і Муратбекова, М. 2021. ОҚУШЫЛАРДЫҢ «АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ» ПӘНІНДЕГІ ІЗДЕНІС-ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 7–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.01.