Бұл жұмыста виртуалды нақтылық технологияларының, атап айтқанда виртуалды прототиптерді әр түрлі салаларда қолданудың өзектілігі зерттеледі. Бөлшектерді виртуалды құрастырудың негізгі міндеттері бағдарламалық және аппараттық визуализация құралдарының жиынтығының көмегімен іске асырылады.. Оқу процесінде виртуалды шындық технологияларын қолдану оқу үлгерімін жақсартады, сонымен қатар, қателер мен шығындардың санын азайтады. Оқу бағдарламаларын виртуалды нақтылық технологиясы арқылы енгізу сапаны жақсартады және оқу мерзімін қысқартады, бұл маман дайындауға жұмсалатын ақшаны үнемдеуге әсер етеді.
Зерттеудің осы кезеңінің нәтижесінде интерактивті оқыту бағдарламаларының аппараттық -бағдарламалық кешеніне қойылатын сапалық және сандық талаптар анықталды.