Теңселмелі тіректі қолдана отырып, дірілден қорғайтын қондырғыларды құру қазіргі кезде көлік құралдарында және ғимараттарды сейсмикалық қорғауда кеңінен қолданылады. Бұл жұмыста әр түрлі серпімді пластинканың тербелмелі қозғалысын математикалық модельдеу қарастырылған. Остроградский-Гамильтон принципі бойынша жоғары ретті айналу беттерімен шектелген діріл тіректеріндегі серпімді пластинканың қозғалыс теңдеулері алынды. Дірілтірекке орнатылған тік бұрышты, біртекті серпімді пластинканың меншікті жиіліктері Ритц әдісімен анықталды. Тікбұрышты, біртекті серпімді пластинканың меншікті жиіліктерінің мәні биіктіктің өсуімен азайатыны, ал қалыңдығының артуымен жоғарылайтыны анықталды. Екінші форманың меншікті жиілігінің бірінші форманың меншікті жиіліктеріне қатынасы пластинканың геометриялық параметрлеріне байланысты емес екендігі .тағайындалды
КИНЕМАТИКАЛЫҚ ДІРІЛДЕН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНЕ ОРНАТЫЛҒАН СЕРПІМДІ ПЛАСТИНАНЫҢ ЖАЗЫҚ ТЕРБЕЛІСІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған September 2021
95
84
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бисембаев, К., Өмиржанова, Ж. і Султанова, Қ. 2021. КИНЕМАТИКАЛЫҚ ДІРІЛДЕН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНЕ ОРНАТЫЛҒАН СЕРПІМДІ ПЛАСТИНАНЫҢ ЖАЗЫҚ ТЕРБЕЛІСІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 44–50. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.05.