Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

MATLAB ЖҮЙЕСІНДЕ ТЕСТ САПАСЫН МАТЕМАТИКО-СТАТИСТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ

Жарияланған June 2022

176

109

Б.С. Абилмажинова+
Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы қ., Қазахстан
А.Т. Байбактина+
Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
А.К. Муслимова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы қ., Қазахстан
Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мақалада тест  тапсырмаларының сапасы және оның білімгердің білім деңгейін  бағалау шынайылығына әсері қарастырылады. Заман талабына сай аралас оқыту форматында білімгердің алған білім деңгейін бағалауда тест сапасын арттыру өзекті мәселе.  Сонымен қатар, мақала барысында заманауй тест құру теориясының ерекшелігіне, және оның классикалық теориядан айырмашылығына тоқталамыз. Жалпы алғанда тест сапасын ғылыми тұрғыдан негіздеу процессін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – эмпирикалық мәліметтерді жинау, екінші кезең – эмпирикалық мәліметтерді өңдеу, үшіншісі – өңдеу нәтижесін тест сапасының деңгейін көтеру  мақсатында талдау. Мақаланың басты мақсаты – эмпирикалық мәліметтерді талдау арқылы тест сапасын анықтау, және оны жақсарту жолдарын көрсету. Бұл мақсатқа  математика – статистикалық аппаратты, MatLab пакетінің функционалдық мүмкіндіктерін қолдана отырып қол жеткіздік. MatLab – техникалық есептеулерді, визуалдауды, программалауды жүзеге асыратын жоғарғы өнімді, интерактивті жүйе. Жүйесінің жұмысы матрица, векторларға негізделгендіктен, саналуан есептерді программалау тілдерін қолданып есептеулерден әлдеқайда жылдам жүзеге асырады. Ал зерттеу әдісі ретінде статистикалық  анализ қолданылды. Аралық нәтижелерді талдау бірнеше кесте, диаграммалар арқылы көрсетілді.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абилмажинова, Б. , Байбактина, А. і Муслимова, А. 2022. MATLAB ЖҮЙЕСІНДЕ ТЕСТ САПАСЫН МАТЕМАТИКО-СТАТИСТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 188–194. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.23.