Қазіргі уақытта табиғи тілдегі ақпараттық ресурстардың көлемі тез өсуде. Бұл ресурстарды өңдеу жедел түрде лингвистикалық мәліметтер базасы мен білімнің болуын талап етеді. Ақпараттық ресурстарды табиғи тілде өңдеу мәтіндік корпус пен тезауристан құралады. Ақпаратты іздеу және мәтінді автоматты өңдеу қолданбаларында қолданылатын лингвистикалық және онтологиялық білімдерді жеткіліксіз пайдалану әртүрлі мәселелерге әкеледі. Қолданыстағы белгілеу тілдерінде негізінен роман-герман және славян тілдері топтарының ұғымдары бар. Оларды жасау үшін белгілеу тілдері және пәндік облыстардың онтологиялық үлгілері қажет болады. Бұл есептеуіш лингвистика саласында кеңінен таралған деп саналады. Сонымен қатар, мәтінді автоматты өңдеудің заманауи әдістеріне тіл мен әлем туралы қосымша білім көлемін енгізу күрделі мәселе болып табылады. Осы мақсатта қазақ тілі грамматикасының метатілі мен онтологиялық моделін жасау ұсынылады.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОНТОЛОГИЯ БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ МОДЕЛЬДЕУ ҚҰРАЛЫ
Жарияланған September 2022
170
97
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Aitim, A. і Satybaldiyeva, R. 2022. ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОНТОЛОГИЯ БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ МОДЕЛЬДЕУ ҚҰРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 143–149. DOI:https://doi.org/10.51889/3879.2022.77.24.017.