Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ВАЛИДТІЛІГІ МЕН СЕНІМДІЛІГІ

Жарияланған September 2022

201

90

М.Ж. Ильясова+
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
Аңдатпа

Бұл зерттеу педагог кадрлардың біліктілігін арттыру шеңберінде бағалау құралының валидтілігі мен сенімділігін анықтауға бағытталған. Зерттеу кезінде сапалық және сандық зерттеу әдістері қолданылды.   Статистикалық талдау үшін «Математика» және «Информатика» пәндері бойынша әзірленген 118 портфолионы бағалау  нәтижелері қарастырылды. Лайкерта тәсілімен алынған сауалнамаға 15 эксперт қатысты. Фокус топқа бағалауды жүзеге асыратын эксперттер және оқытуды жүзеге асыратын тренерлер таңдалды.    Бағалау валидтілік, сенімділік, жеткіліктілік және түпнұсқалық бағалау қағидаларына негізделеді. Педагогтердің портфолиосын бағалау құралының валидтілігі мазмұндық, құрылымдық, критериалдық дәлелдемелер тұрғысында талданды. Бағалау құралының сенімділігі статистикалық талдау негізінде анықталды. Валидті және сенімді бағалау құралдарын әзірлеу кезінде басшылыққа алынатын ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелері бағалаушы эксперттер  тәжірибесі үшін құнды болып табылады.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ильясова, М. 2022. ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ВАЛИДТІЛІГІ МЕН СЕНІМДІЛІГІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 296–302. DOI:https://doi.org/10.51889/8354.2022.75.92.035.