Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында, цифрлық индустрияның дамуы, білім беру саласына қарқынды жаңартылған жоғары технологиялық компьютерлік құралдар мен коммуникациялық жүйелер белсенді түрде енгізілуде, педагог кадрларды даярлауға жаңа талаптар қойылуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды таралуы және білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттерді болашақтың цифрлық экономикасына дайындау қазіргі жоғары білімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мақалада студенттердің – болашақ мұғалімдердің электронды портфолио құруының мақсаты көрсетілген. Мақалада жоғары білім беру жүйесінде электронды портфолио құрудың педагогикалық мәселелері, оның мазмұны, міндеттері мен функциялары қарастырылған. Электрондық портфолионы қолдану тәжірибесіне қатысты шетелдік және отандық педагогикалық зерттеулерге талдау жасалды. Портфолионың негізгі түрлері ажыратылады. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі туралы тиімді деректер портфолиосына негізделген жинақтау әдістемесіне ерекше назар аударылады.
ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИО БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
Жарияланған September 2022
269
129
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турганбаева, А. і Тұрғантай, А. 2022. ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИО БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 311–318. DOI:https://doi.org/10.51889/6840.2022.56.30.037.