Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

3DS MAX - ОТАНДЫҚ МУЛЬТИПЛИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУДІҢ БІР ЖОЛЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған June 2023

89

39

А.А. Оразбаева+
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан
Л.А. Смағұлова+
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан
С.А. Омарова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Жас ұрпақтың негізгі тәрбие құралы – анимациялық мультфильмдер тарихына үңілсек, биыл бұл салаға 130 жыл болады. Қазіргі таңда көптеген шет мемлекеттер мультипликация нарығын қарқынды дамытып, жүйелі қаржы көзіне айналдырған. Мысалы, әлемге әйгілі «Маша и медведь» мультфильміне салынған алғашқы қаражат көлемі 3 миллион доллар болса, 2015 жылғы кассалық жиын 225 миллион долларды құраған, ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш тіптен өсіп келеді. Ал, отандық мультипликация саласының даму қарқыны ақсап келе жатқаны жасырын емес. Сонау жетпісінші жылдары жақсы дамып, әртүрлі фестивальдардан жүлделі орындар алып жүрген қазақ анимациясы қазіргі уақытта көптеген тоқырауды басынан өткеріп, еңсесін көтере алмай жатқаны өкінішті – ақ. Осындай мәселелерді зерттей келе, бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсатымыз – еліміздің зиялы қоғамы қазақ мультипликациясына назар аударып, ғалымдарымыздаң осы саланың қайта жандануына ат салысса екен деген ниеттеміз. Сонымен қатар, мультипликация саласындағы қиындықтарды шешуге жасалған бір қадам ретінде 3d studio max программасының мүмкіндіктерін қолдану қарастырылады. Бұл программаның атқаратын қызметтері шексіз, ал мүмкіндіктері өте ауқымды деп айтуға болады. Мультипликация саласын дамыту үшін осындай программаларды жастарға көптеп  үйретсек нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамыз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразбаева, А., Смағұлова, Л. і Омарова, С. 2023. 3DS MAX - ОТАНДЫҚ МУЛЬТИПЛИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУДІҢ БІР ЖОЛЫ РЕТІНДЕ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 260–269. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.029.