Бұл мақалада электродинамика бөліміндегі тақырыптарды оқып жатқан студенттердің нақты мысалында, дифференциалдық теңдеулер бойынша білімді қолданудың кейбір әдістемелік аспектілері бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілген. Бұл тәсілдің өзектілігі күмән тудырмайды және мұғалімдер даярлайтын университеттегі оқыту тәжірибесімен дәлелденді. Қазақстанның білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар дәуірінде білім мен ақпараттың саны мен сапасының қарқынды өсуіне байланысты оқу пәндерінің дидактикалық мазмұнының құрылымында көптеген өзгерістер орын алуда. Білім кіріктірілген пәнаралық сипатқа ие болады. 2022 жылы барлық деңгейдегі мемлекеттік білім стандарттары жаңартылды. Бұрын 6В01522-Физика-математика, 6В01511 Математика-Физика жаңа мамандықтар немесе жаңаша білім беру бағдарламалары енгізілген болатын. Қос мамандықты алумен болашақ пән мұғалімдерін даярлаудың жүйелік принципі өзгереді. Білімнің пәнаралық сипаты мұғалімдерді дайындау сапасын арттырудың жеткілікті тиімді ресурсына айналуда. Пән мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру ең алдымен болашақ мұғалімнің жүйелі және жалпылама кәсіби ойлауының артуына байланысты.
Зерттеудің мақсаты физика мен математиканы пәнаралық зерттеу әдістемесін жасау және оның қазіргі дидактикалық ресурс ретінде физика-математиканың нақты салаларында тиімділігін дәлелдеу болды. Қалыптастырылып жатқан білімнің сапасы, тереңдігі мен тұтастығы, есептерді шығара білуі, оларды заман талабына сай кіріктіру мүмкіндігі болашақ мұғалімдер арасында қалыптасқан пәнаралық байланыстарға (ПБ) тікелей байланысты екені белгілі. Мақалада «Әртүрлі орталардағы электромагниттік толқындар» тақырыбын зерттеуде дифференциалдық теңдеулер курсының әсері бойынша әдістемелік зерттеудің нәтижелері келтірілгенн.