Қазіргі білім беруде оқу процесінде виртуалды шынайылық іспетті технологияны қолданудың жетілдірілген тәсілдері ендірілуде. Білім беруде ойындар мен ойынға негізделген оқыту білім алушылардың есептеу қабілетін қалыптастырудың бір әдісі ретінде қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты біз әзірлеген kzcodevr деп аталатын ойын қолданылған виртуалды ортаның университет студенттерінің бағдарламалау дағдылары мен есептеу қабілетіне әсерін зерттеу болды. Қосымшамен жұмыс дербес компьютерлер арқылы жүзеге асырылды және бағдарламалау жаттығуларын, соның ішінде объектіге бағытталған бағдарламалауды, алгоритмдерді құрастыруды және есептерді шешу қарастырылды. Зерттеуге бағдарламау тобының 56 студенті қатысты, олардың 28-і Kzcodevr-де 12 апта бойы бағдарламалаумен айналысты, ал бақылау тобы стандартты оқу бағдарламасынан өтті. Экспериментке дейін және одан кейін қатысушылар бағдарламалау дағдыларын және есептеу қабілеттерін бағалау үшін екі стандартталған сынақтан өтті. Нәтижелер эксперименттік топтың бақылау тобымен салыстырғанда екі сынақтың нәтижелері бойынша айтарлықтай жоғары нәтижелерге ие екенін көрсетті. Бұл білім беру виртуалды орталарын пайдалану бағдарламалау дағдыларын жақсартуға және студенттердің есептеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сұхбат нәтижелері оқушылардың Kzcodevr жұмысымен қанағаттанғанын көрсетеді.
БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ВИРТУАЛДЫ ОРТАНЫҢ БАҒДАРЛАМАШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНА ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТІНЕ ӘСЕРІ
Жарияланған June 2023
123
55
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шынатай, Г., Ерланова, Г. і Шындалиев, Н. 2023. БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ВИРТУАЛДЫ ОРТАНЫҢ БАҒДАРЛАМАШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНА ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТІНЕ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 297–304. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.033.