Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жарияланған September 2024

71

28

А.Е. Оразалиева+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-2173-0809
Г.А. Мадьярова+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-6773-3549
Б.К. Молдабеков+
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан
С.Н. Ерниязова+
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Атырау қ., Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А.Е. Оразалиева

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Алматы қ.

Ақпараттық технологиялар факультеті, мамандық: 7M01502 Информатика

Магистрант 

87472089420

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.А. Мадьярова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Алматы қ.

Компьютерлік ғылымдар кафедрасы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

87051916714

Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Атырау қ., Қазақстан
Аңдатпа

Ғылыми мақалада информатика пәнінен оқушылардың білімін бағалау әдістері талданып, оқу процесінде оларды қолдану мүмкіндіктері зерделенді.  Тест, жоба, эссе және басқа бағалау құралдары арқылы оқу жетісітігін бағалаудың ерекшеліктері мен оларды таңдау, пайдалану тәсілдеріне көңіл бөлінді. Ғалымдардың бағалау құралдарын қолдану бойынша ғылыми еңбектеріне сарапатама жасалып, шет елдік және отандық тәжірибелер талданды.

Негізгі факторлар ретінде сабақтың мақсаты, оқушылардың дайындық деңгейі, жұмсалатын уақыт, ресурстардың қол жетімділігі таңдалып, әртүрлі бағалау құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелді. Зерттеу барысындағы талдау нәтижелеріне сүйене отырып, белгілі бір тапсырма үшін бағалауға арналған құралды пайдалану мысалдары талданды. Информатика пәнін оқытудың негізгі ерекшелігі, оқушыларға жоба құру және эссе жазу тапсырмалары көп беріледі.  Мұғалімдер үшін жобаны және эссені бағалаудың тағайындалған дескрипторлардың болмауы бірқатар қиындықтар тудырады.

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,  Веб-сайт құру жобасы және "Қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің рөлі мен әсері" эссені бағалау дескрипторлары құрылды. Информатика сабақтарының тиімділігін арттыру мақсатында оқушылардың білімін объективті бағалау дескрипторлары негізделді. Зерттеуде кемімелі  дескрипторлар (оқу жетісітігін бағалау кезінде балдық шаманы азайту) құрылған. Бұл тәсіл оқушылардың білімін объективті бағалауға ықпал етумен қатар, бағалау процесінде субъективтілікті төмендетуге әсер етеді. Кемімелі дескрипторларды қолдану әдістемелік кешенді толықтырады және оқушылардың дайындық деңгейін бейімдеуге әсер етеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразалиева, А., Мадьярова, Г., Молдабеков, Б. і Ерниязова, С. 2024. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 274–286. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.023.