Мақалада үш тілде оқытылатын оқу топтарында Дифференциалдық теңдеулер пәнін оқытуда және жалпы білім беретін мектепте 8 сынып Алгебра пәнін оқытуда CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясын қолдану қарастырылады. Қәзіргі таңда Қазақстанның білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарында үштілділік жүйесіне көшу үшін білім беру жүйесін модернизациялау бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда. CLIL оқыту технологиясы қосымша тілді үйренудің жаңа оқу бағдарламасы ретінде бүкіл әлемде танымал болуда. CLIL технологиясын қолдану білім алушылардың оқу ортасын жақсартады, оқу уақытын қысқартады, сонымен қатар оқыту тұжырымдамасын кеңірек және терең етеді. Мақалада дифференциалдық теңдеулерді үш тілді топтарда CLIL технологиясын дұрыс қолдану үшін атқарылатын жұмыстарға аса назар аударылып, студенттерге берілетін өзіндік жұмыстар түрлері ұсынылды. Математикалық білім беруде жаңа әдістердің бірі болып табылатын CLIL технологиясының тиімділігі мен кездесетін мәселелерді анықтау мақсатында Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бітіруші түлектері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі талданып, мәселелер анықталды. Қорытындысында математикалық білім беруде жаңа әдістің оң нәтиже беретініне көз жеткізілді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекбауова, А. і Талипова, М. 2022. МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 118–125. DOI:https://doi.org/10.51889/3299.2022.43.83.014.